Кеңесшіге (Супервайзерге) арналған функционал. Ортақ профайл

Серіктесіңіз Тұтынушылармен өз атынан жұмыс істей алуы үшін оны тіркелгіңізге қоса аласыз.

Серіктес қосу
Серіктестің профайлын қарау
Профайлды ауыстыру
Серіктестің профайлын жою
Кіру кезінде профайлды таңдау
Чаттар тізімі
Чат
Жіберілімдер
Өнімдер мен бағдарламаларды чатқа жіберу
Тұтынушылар
«Тұтынушылардың мәртебелері» диаграммасы
Тұтынушының прогресі
Тұтынушыны Серіктеске табыстау
Серіктестің профайлы. Танысқыны жіберу
Хабарландырулар орталығы
Push-уведомления

Серіктес қосу 


1) Негізгі Кеңесшінің профайлында «Ортақ профайл» блогы көрсетіледі.



2) «Қосуды» басып, ашылған экранға Атыңызды, Тегіңізді, электрондық поштаңызды (міндетті емес), телефон нөміріңізді жазыңыз.


3) Тұтынушыларды Серіктеске табыстау үшін «Тұтынушыларды табыстау» блогындағы «Таңдауды» басыңыз. Бұл қадамды өткізіп жіберіп, Тұтынушыларды Серіктеске кейінірек табыстауға болады. 


4) «Тұтынушыларды табыстау» экранынан Серіктестікке табыстағыңыз келетін Тұтынушыларды таңдаңыз. Іздеу жолын пайдалануға болады.


5) Дайын болған кезде «Таңдауды» басыңыз. Таңдалған тұтынушылар «Ортақ профайлды қосу» экранындағы «Тұтынушыларды табыстау» блогында көрсетіледі.


6) Табысталатын Тұтынушылар тізімін өзгерту үшін «Тұтынушыларды табыстау» блогындағы «Өзгертуді» басыңыз. Тізімге қосқыңыз немесе алып тастағыңыз келетін Тұтынушыларды басыңыз.


7) Серіктес қосуды аяқтау үшін «Серіктес қосуды» басыңыз. «Ортақ профайл қосылды. N Тұтынушы Серіктесіңізге табысталды» деген хабарлама көрінеді. N – Серіктеске табысталған Тұтынушылар саны.


8) Серіктес профайлыңызға қосылғаннан кейін Серіктес туралы ақпарат көрсетіледі.


Серіктестің профайлын қарау 

1) «Ортақ профайл» блогын басыңыз. Серіктестің профайлы ашылады.


2) Экранда келесілер көрсетіледі: 
– «Артқа» шарлау батырмасы 
– Мәзір. Мәзірде ортақ профайлды ауыстыру және жою функционалы бар. 
– Серіктестің аватары немесе плейсхолдер 
– Серіктестің аты-жөні 
– Серіктестің телефоны 
– басқан кезде Серіктестің телефон нөмірі енгізілген құрылғы ашылады 
– электрондық пошта 
– басқан кезде хабарламаны электрондық поштаға жіберу үшін қолданбаны таңдау терезесі ашылады 
– Серіктестің әлеуметтік желілеріне сілтемелері бар блок. Әлеуметтік желі белгішесін басқан кезде әлеуметтік желінің қолданбасы (орнатылған болса) немесе әлеуметтік желінің беті браузерде ашылады.
Серіктес әлеуметтік желілерді қоспаған болса, блок көрсетілмейді. 
– «Кеңесші туралы» блок. 
Серіктес мақала қоспаса, блок көрсетілмейді.
Профайлды ауыстыру 
1) Профайлды ауыстыру Серіктестің профайлы экранынан мәзірді басып, «Профайлды ауыстыру» тармағын таңдау арқылы жүзеге асырылады.


2) «Ауыстыру» батырмасын басқан кезде Негізгі кеңесшінің профайлы Серіктестің профайлына ауыстырылады. 
3) Серіктестің деректері профайл экранында көрсетіледі. 
4) Серіктестің профайлы Негізгі кеңесшінің профайлымен бірдей бейнеленеді. Негізгі кеңесшінің ID көрсетіледі.


5) Негізгі кеңесшінің ортақ профайлын жою мүмкіндігін қоспағанда, Серіктеске Негізгі кеңесші қолданатын қолданбаның тура сондай табтары мен функционалы қолжетімді. 
Барлық табтарда және функционалда Серіктестің деректері пайдаланылады. 
Серіктестің профайлын жою. 
1) Ортақ профайлды тек Негізгі кеңесші жоя алады. 
2) Серіктестің профайлының экранындағы «Мәзірді» басқан кезде «Профайлды ауыстыру», «Ортақ профайлды жою», «Болдырмау» опциялары бар элемент пайда болады. 
3) Серіктесті жою үшін «Ортақ профайлды жою» тармағын таңдап, профайлды жоюды растаңыз. Жоюды растағаннан кейін Серіктестің барлық жеке деректері жойылады, Серіктестің Тұтынушылары Негізгі кеңесшіге қайта тағайындалады. 
Чаттағы хабарламалар, тарихтағы жазбалар, жойылған Серіктестің тестілері Негізгі кеңесшіге қайта байластырылады. 
Жойылған Кеңесшінің Хабарландыру орталығындағы жазбалары жойылады.


4) Профайлды жойғаннан кейін ортақ профайлды қосу мүмкіндігі қолжетімді болады.
Кіру кезінде профайлды таңдау.
1) Кеңесшінің авторлануы кезінде, ортақ профайл қосылған жағдайда, профайлды таңдауға болатын экран шығады. 
Негізгі кеңесшінің фотосы мен аты-жөні әрдайым сол жақта көрсетіледі.


2) Қай профайлды таңдасаңыз, сол таңдалған Кеңесшінің деректері қолданбада көрсетіледі. 
3) Кіргеннен кейін «Таспа» табы көрсетіледі. 
4) Профайлда таңдалған Кеңесшінің деректері көрсетіледі.



Чаттар тізімі 
1) Ортақ профайлдағы чаттар Кеңесшінің немесе оның Серіктесінің аватарымен айрықшаланады.



2) Чат әрдайым тек бір Кеңесшіге (Негізгі кеңесшіге немесе Серіктеске) бекітіледі. Тұтынушының Кеңесшіге қатыстылығымен анықталады. Негізгі кеңесші де, Серіктес те басқа Кеңесшінің чатына жаза алады. 
3) Чаттар тізімін сүзуге болады. Нұсқалардың бірін таңдауға болады: 
– Менің чаттарым – әдепкі қалпы бойынша. Авторлану немесе профайлды соңғы рет ауыстырған кезде профайлы таңдалған Кеңесшінің чаттары көрсетіледі. Егер Кеңесшінің Тұтынушылары болмаса, «Сізде әлі чаттар жоқ» деген жазба мен «Танысқыны жіберу» батырмасы көрсетіледі. 
– Серіктестің чаттары. Егер Серіктестің Тұтынушылары болмаса, «Серіктесіңізде әлі чаттар жоқ» деп жазылады.



Чат 
1) Серіктесінің чатын ашқан кезде басқа Кеңесші «Бұл чатты Серіктесіңіз жүргізеді» деген ақпаратты көреді 
2) Басқа Кеңесші Серіктесі жүргізетін чатқа хабарлама жібере алады.


Жіберілімдер 
1) Жіберілімдер Кеңесшінің немесе оның Серіктесінің аватарымен айрықшаланады. 
2) Автоматты түрде жасалатын жіберілімдер, тиісті мәртебесі бар Тұтынушылар болған жағдайда, Негізгі кеңесшіге және Серіктеске тиесілі Тұтынушылардың әрбір мәртебесі үшін жасалады. 
3) Жіберілімдер чаттар экранындағы сүзгіден өтеді: әдепкі қалпы бойынша профайлы таңдалған Кеңесшінің жіберілімдері көрсетіледі. 
4) Жіберілімдерді Серіктесіңіздің Тұтынушыларымен жасауға болады. 
5) Жіберілімді қараған кезде, жасалған жіберілімде Серіктестің Тұтынушылары болса, Кеңесші «Жіберілімдегі бір немесе бірнеше Тұтынушы Серіктесіңізге тиесілі» деген хабарламаны көреді.




Өнімдер мен бағдарламаларды чатқа жіберу 
1) Ортақ профайлдың Кеңесшілері өнімді немесе бағдарламаны өз Тұтынушысына немесе Серіктестің Тұтынушысына чатқа жібере алады. 
2) Өнім/бағдарлама жіберілетін тұтынушыларды таңдау экранында Тұтынушылар бойынша сүзгі бар 
– Менің Тұтынушыларым – әдепкі қалпы бойынша 
– Серіктестің Тұтынушылары 
– Барлық Тұтынушылар. 
Сүзгіден тек бір мәнді таңдауға болады. 
Сүзгі орнатылған жағдайда, Тұтынушылар тізімі тағайындалған мәнге сәйкес сүзіледі. 
Өнімге  немесе бағдарламаға қатысты хабарламадан Тұтынушы мен Серіктес өнімді немесе бағдарламаны жіберген Кеңесшінің аты-жөнін көре алады.



Тұтынушылар 
1) Тұтынушылар тізімін сүзуге болады. Әдепкі қалпы бойынша «Менің тұтынушыларым» сүзгісі орнатылған. Сүзгіні басу арқылы опциялардың бірін орнатуға болады: 
– Менің тұтынушыларым – әдепкі қалпы бойынша 
– Серіктестің тұтынушылары 
– Барлық тұтынушылар. 
2) «Тұтынушылар» экранындағы диаграмма Кеңесшіге қатыстылығы бойынша қай сүзгі Тұтынушылар тізімінде орнатылғанына байланысты көрсетіледі. 
Таңдалған сүзгіге байланысты тұтынушылар саны, пайыздық арасалмақ қайта есептеліп, Тұтынушылардың тиісті мәртебелері көрсетіледі. 
3) Іздеуші Кеңесшінің мәртебесі және оған тиесілігі бойынша орнатылған сүзгілерді ескере отырып жұмыс істейді.




«Тұтынушылардың мәртебелері» диаграммасы 
«> 
1) «Тұтынушылардың мәртебелері» экранында «Тұтынушылар» экранында Кеңесшіге тиесілігі бойынша орнатылған сүзгі ескеріле отырып, деректері бар диаграмма көрсетіледі. 
2) Әрбір мәртебеге ие тұтынушылар тізімін қараған кезде, экран тақырыпатының астында, тұтынушылар тізімінің қай сүзгісі орнатылғаны туралы ақпараты бар элемент көрсетіледі. 
3) «Барлығына жіберуді» басқан кезде, тұтынушылардың қайсысына (өзіңіздің немесе Серіктестің тұтынушыларына) хабарлама жіберу керектігін таңдауға болатын мәзір ашылады. 
Нұсқаны басқан кезде мәртебесі бойынша тиісті жіберілім ашылады.




Тұтынушының прогресі 1
) Ортақ профайлдағы прогресс экранында, Тұтынушының аватарында Кеңесшінің аватары көрсетіледі. 
2) Тұтынушының мәртебесін өзгерту екі Кеңесшіге де қолжетімді. 
3) Чатқа өту қолжетімді. 
4) Негізгі кеңесші сияқты Серіктес те «Тарихпен» және тестілермен бірдей әрекеттердің барлығын орындай алады. 
5) Серіктес Тұтынушыға, өз Тұтынушысынан басқа Тұтынушыға тарих қосқан кезде, басқа Кеңесшінің прогресс экранында «Серіктес қосқан» деп жазылады. Тарих жазбаларының тізіміндегі басқа Кеңесші қосқан жазбаларда оның аватары көрсетіледі. 
6) Серіктес Тұтынушыға, өз Тұтынушысынан басқа Тұтынушыға тест қосқан кезде, басқа Кеңесшінің wellness тестілер тізімінде «Серіктес қосқан» деп жазылады. Тұтынушыда ештеңе өзгермейді, «Кеңесші қосқан» деген жазу сол күйі қалады.


Тұтынушыны Серіктеске табыстау 
1) Кеңесші Тұтынушыны Серіктесіне табыстай алады: 
– Ортақ профайлды жасаған кезде («Серіктес қосу» тармағында сипатталған)
4) Профайлдағы «Тұтынушыларды табыстау» тармағын басқан кезде «Тұтынушыларды табыстау» экраны ашылады. Табыстағыңыз келетін Тұтынушыларды таңдап, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз. Ашылған экрандағы «Тұтынушыларды Серіктеске табыстау» батырмасын басып, Тұтынушыларды табыстауды растаңыз. 
5) Тұтынушыларды Серіктеске табыстаған кезде, Негізгі кеңесші қосқан барлық деректерде Негізгі кеңесші қосқан деген жазба қала береді.

Серіктестің профайлы. Танысқыны жіберу
Серіктестің танысқысын жіберу Негізгі кеңесшінің танысқысын жіберу функционалына ұқсас.


Хабарландырулар орталығы 
1) Ортақ профайлдағы хабарландырулар экранында, хабарландырулар тізімінде қолданбадағы барлық Тұтынушылардың (өзіңізге де, Серіктесіңізге де тиесілі тұтынушылардың) әрекеттері (бұрын жасалған) және Серіктестердің басқа Кеңесшінің Тұтынушыларымен әрекеттері (енді жасалатын) туралы деректер көрсетіледі. 
2) Тізімді сүзуге болады: 
– Менің тұтынушыларым – ағымдағы Кеңесшінің Тұтынушыларына қатысты хабарландырулар көрсетіледі 
– Серіктестің Тұтынушылары – Серіктестің тұтынушыларына қатысты хабарландырулар көрсетіледі 
– Барлық Тұтынушылар – барлық хабарландырулар көрсетіледі.


Push хабарландырулар 
1) Ортақ профайлдағы Кеңесші барлық Тұтынушылардың (өзіне де, Серіктесіне де тиесілі тұтынушылардың) әрекеттері туралы push хабарландырулар алады. 
2) Ортақ профайлдағы Кеңесші Серіктестің Кеңесшіге тиесілі Тұтынушылармен әрекеттері туралы push хабарландырулар алады.

Бұл ақпарат Сізге пайдалы болды ма?
Иә, рақмет! Сұрақтар қалды