Кеңесшіге (Супервайзерге) арналған функционал. Тұтынушылар

Барлық тұтынушыларыңыздың тізімі «Тұтынушылар» қойындысында.


1) Соңғы wellness тестінің күні, жаңа тұтынушылар және Тұтынушының Сізді онлайн тәртіптемеде қалай тапқаны туралы ақпарат осында орналасқан.


2) Сөйлесуді чат батырмасын басу арқылы бастауға болады.


3) Статистиканы қадағалау үшін Тұтынушыңыздың мәртебесін белгілеңіз.


4) Бастапқы көрсеткіштер мен тестінің нәтижелері кестеде және графикте көрсетіледі.

5) Әрқандай мәртебедегі Тұтынушылар саны бойынша статистиканы көру үшін диаграмманы басыңыз. «Үлкейткіш» белгішесін басып, Тұтынушыны табу үшін іздеушіні пайдалана аласыз, сондай-ақ керекті мәртебедегі Тұтынушыларды көрсету үшін сүзгілер орната аласыз.


6) Тұтынушылар тізімін көру үшін мәртебенің статистикасын басыңыз. Сонымен қатар, мәртебесі бойынша жіберілім тарату үшін «Барлығына хабарлама жіберуді» басуға болады


7) Қажет болған жағдайда, Тұтынушының атын, тегін өзгертуге болады. Өзгертілген деректер тек Сізге көрсетіледі.


8) Тұтынушыны оның профайлынан жоюға болады.



Бұл ақпарат Сізге пайдалы болды ма?
Иә, рақмет! Сұрақтар қалды