1. Фотосуреттер қосу ережелерімен танысыңыз, фотосурет қосып, өзіңіз туралы қысқаша ақпарат беріңіз.
Сіздің фотоңызды және өзіңіз туралы ақпаратты екі жерде пайдалануға болады: Компания сайтындағы «СӨС бойынша кеңесші» бетіндегі картада және Сіздің жеке танысқы сайтыңызда көрсетілуі мүмкін.
1.1. Осы блоктағы деректерді толтырғаннан кейін «Өзгерістерді сақтау» батырмасын басыңыз
1.2. Сіз туралы ақпарат картадан көрінуі үшін «СӨС бойынша кеңесші» бетіндегі «Жеке деректерді көрсетуге келісім берудің» жанына құсбелгі қойыңыз, сонда Сіз осы беттен сұратымдар ала аласыз.
2. «Менің мекенжайларым» блогындағы іздеу жолағына мекенжайды енгізіңіз, содан кейін ашпалы шаршыдан мекенжайыңызды таңдаңыз.
«1-ші мекенжай» жолағына, мысалы, үйіңіздің мекенжайын, ал «2-ші мекенжай» жолағына Салауатты өмір салты клубының мекенжайын жазыңыз.
2.1. Деректерді сақтау үшін «Өзгерістерді сақтау» батырмасын басыңыз.
Хабарландырулар алу үшін телефон нөміріңізді және электрондық поштаңызды енгізіңіз, «Cақтау» батырмасын басыңыз.
4. «Нөмірді растауды» басып, SMS-тегі кодты теріңіз, содан кейін телефон нөміріңізді растау үшін «Растау» батырмасын, ал өзгерістерді қолдану үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.
5. «Біліктілік» блогында Сіздің ағымдағы біліктілігіңіз және әрбір біліктілікке ие болу шарттары көрсетіледі. Сіздің біліктілігіңіз Сіздің профайлыңыздың берілген шарттарға сәйкес келетініне немесе келмейтініне байланысты өзгереді.
6. Тіркелгінің құпия сөзін өзгерту үшін «Құпия сөзді өзгерту» блогын пайдаланыңыз. «Жаңа құпия сөзді енгізу» және «Құпия сөзді растау» жолақтарын толтырғаннан кейін өзгерістерді қолдану үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.
7. «Хабарландырулар бапталымы» блогынан жаңа сұратымдар туралы хабарландырулар алу жолын таңдауға болады. Сұратымдарды қабылдау жолын таңдағаннан кейін өзгерістерді қолдану үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.
8. «Сұратымдарды басқару» блогы.
-
Егер Сіз қалдырылған сұратымдармен* жұмыс істегіңіз келсе, қосқышты белсендіріңіз.
* Қалдырылған сұратымдар – тұтынушы толтыра бастаған, бірақ соңына дейін толтырмаған сұратымдар. Мұндай сұратымдарға қатысты төмендегілер орын алуы мүмкін:
- телефон нөмірінің немесе электрондық поштаның қате терілуі;
- телефон нөмірінің болмауы;
- тұтынушының сұратым қалдырмағанын мәлімдеуі;
- тұтынушының қоңырауларға немесе басқа байланыс арналары бойынша жауап бермеуі.
-
Егер сұратымдарды қабылдай алмасаңыз, «Демалыс» батырмасын басып, сұратымдарыңызды жібергіңіз келетін Тәуелсіз серіктестің ID нөмірін енгізіңіз, содан кейін өзгерістерді енгізу үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.
9. Интерфейс тілін өзгерту үшін жалауша белгішесін басып, ашпалы шаршыдан қажетті тілді таңдаңыз.
Бұл ақпарат Сізге пайдалы болды ма?