Енді Сіз меншікті танысқы сайт жасап алып, оны әлеуетті тұтынушыларды Herbalife Nutrition өнімдерінің қасиеттері туралы хабардар ету үшін пайдалана аласыз, онда Herbalife Nutrition-мен бизнес жүргізу жайлы әңгімелеп бере аласыз. Танысқы сайт – бұл Сіздің қызметтеріңіз туралы айтып беруге және адамдарды Сізбен жұмыс істеуге қызықтыруға көмектесетін Интернеттегі жеке бет.
Танысқыны әлеуетті тұтынушыларға жіберіп, жаңа сұратымдар алу мүмкіндігін арттырыңыз!
Алдымен «Фото», «Өзім туралы», «2-ші мекенжай» және «Салауатты өмір салты клубының атауы» жолақтарының толтырылғанына көз жеткізіңіз.
МАҢЫЗДЫ! «Салауатты өмір салты клубының атауы» жолағын толтырмас бұрын атау ережелерімен танысыңыз.
Танысқы сайт жасау үшін:
1. «Танысқы сайт жасау» батырмасын басыңыз.
2. Ашылған беттен танысқыны пайдалану ережелерімен танысып, құсбелгіні басыңыз. Содан кейін танысқы сайтты жариялау үшін «Менің сайтымды жариялауды» басыңыз. Жарияламас бұрын танысқыда көрсетілетін ақпаратқа өзгерістер енгізгіңіз келсе, мұны танысқы сайт жасау бетіндегі тиісті жолақтарда жасауға болады. Танысқы сайтты жасаудан бас тарту үшін «Болдырмау» батырмасын басыңыз.
3. Жарияланғаннан кейін танысқыңыз жаңа қойындыда ашылады, ал танысқы жасау беті танысқы сайттың сілтемесімен бөлісуді ұсынады. Кейбір браузерлерде танысқының қалқымалы терезе ретінде ашылатынын ескеріңіз, сондықтан қалқымалы терезелердің сайтта көрсетілуіне браузерге рұқсат беру қажет.
«Сілтемені көшіру» батырмасын басқан кезде, танысқы сайттың сілтемесі аралық сақтағышқа көшіріледі. «Танысқымен бөлісу» бөлімінде Сіз танысқыңызбен әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бөлісе аласыз, сілтемесін поштаға жібере аласыз, сондай-ақ жүктеп алуға және, мысалы, басып шығарып, көлігіңізге жабыстыруға болатын QR кодын жасай аласыз.
4. Сонымен қатар, танысқыңыз жарияланғаннан кейін профайлыңызда басқару блогы пайда болады. Ол Сіз танысқы сайтыңыздың сілтемесімен бөлісуге, оны өңдеуге және жоюға мүмкіндік береді.